29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары1 қазанда Ақкөл қаласында тәртіп сақшылары өзінің жуынатын бөлмесіндегі ваннаға батып кете жаздаған 70 жастағы ер адамды құтқарды. Полицияға жергілікті тұрғыннан ағасының 30 қыркүйектен бастап байланысқа шықпағаны жайлы хабар келді. Әпкесі жалғыз тұратын ақмолалықтың денсаулығына алаңдағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері Абылай Дәукенов, Арай Бек және Демежан Серсенбаев дереу көрсетілген мекенжайға барды, сондай-ақ оқиға орнына ТЖ бөлімінің қызметкерлері келді.
Үйге келген полицейлер есіктің ішінен құлыпталғанын көріп, пәтерге терезе арқылы кірген.
Топ ішке кіргенде, олар жуынатын бөлмеде суық судың ваннадан төгіліп жатқанын көрді. Қарт кісінің құлап, кранды жұлып алып, өздігінен ваннадан шыға алмағаны белгілі болды.
Полиция мен құтқарушылар уақытылы көмек көрсетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек