Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысының елордаға жақын аудандарының бірінде полицейлер кезекті есірткі сатушының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұзақ мерзімді жедел жұмыстардың нәтижесінде күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 18 килограмнан астам гашиш тәркіленді. Бұл операцияға полиция департаментінің қызметкерлері мен 5573 әскери бөлімінің кинологтары Макс, Рич және Самурай есімді қызметтік иттермен қатысып, іздестіру және анықтау шараларында маңызды көмек көрсетті.
Тінту барысында төрт аяқты көмекшілер күдіктінің үйінен тыйым салынған зат салынған қапты, сондай-ақ тіркелмеген қаруды тауып, полицейлерге үлкен жәрдемін тигізді. Зерттеу барысында күдіктінің есірткіні сақтап қана қоймай, оны сатумен де айналысқаны анықталды.
Қазіргі уақытта аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 48 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?