12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқмола облысында полиция өзгенің мүлкін өртеп жіберген ер адамды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. Біржан Сал ауданының полиция бөліміне жергілікті кәсіпкердің өтініші келіп түсті. Ер адам ағымдағы жылдың 8 наурызында белгісіз адамдар ауданда орналасқан өзіне тиесілі ЖШС-нің тұрғын үй вагонын өртегенін хабарлады. Залал сомасы 1 млн теңгені құраған. Тергеу барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол осы кәсіпорынның қызметкері, Қостанай облысының 29 жастағы тұрғыны болып шықты.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 202-бабының 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Естеріңізге сала кетейік, Қылмыстық кодекстің осы бабының 2-бөлігінің санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер