Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқмола облысында болған өрт оқиғасы кезінде құтқарушылар 40 адамды қауіпсіз жерге шығарды, деп жазады El.kz интернет порталы.
Төтенше жағдай Қосшы қаласында тіркелді. Жангелдин көшесіндегі бес қабатты үйдің екінші қабатында электр қалқаншасында қысқа тұйықталу болып, қатты түтін тараған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 40 тұрғынды, соның ішінде балаларды эвакуациялады. Өрттің таралу қаупі болмаған, зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады министрлік өкілдері.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды электр құрылғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі жүйелерінің жарамдылығын үнемі тексеріп тұруға шақырды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек