10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қамқорлық» оңалту орталығы ол өз жұмысын Ақмола облысының Жақсы аудандық ауруханасының базасында бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық әкімдігінің мәліметінше, орталық 1-2-қабатта орналасады және облыстың жеті ауданынан 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі нейро-ортопедиялық бұзылыстары бар балаларға жоғары білікті көмек көрсетудің маңызды пунктіне айналады.
Орталық құрамына невропатологтар, реабилитологтар, логопедтер, дефектологтар, кәсіптік терапевттер, психологтар мен ЕДШ нұсқаушылары кіретін мамандардың көпсалалы тобының бірлескен жұмысының арқасында кешенді оңалтуды қамтамасыз етеді. Олардың барлығы біліктілікті арттыру курстарын, шетелдік тренингтер мен семинарларды қоса алғанда, әлемдік әдістемелер бойынша мамандандырылған оқытудан өтті, - делінген мәліметте.
Орталықтың жабдықтарына Германия, АҚШ, Австрия, Қазақстан және Ресейдің жетекші өндірушілерінің алдыңғы қатарлы оңалту және физиотерапиялық құрылғылары кіреді. Орталықта оңалтудың максималды пайдасы үшін жасалған сенсорлық және интерактивті бөлмелер де жұмыс істейді.
Жоба ОЖЖ зақымданған балаларды оңалтуға, оларды әлеуметтік бейімдеуге және ерте мүгедектіктің алдын алуға бағытталған. Бір жыл ішінде Орталық 21 күндік қалпына келтіру курсын ұсына отырып, 600-ге дейін баланы қабылдай алады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді