23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмола облысы биыл да көктемгі дала жұмыстары 19 күн ішінде аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы егіс алқабының жалпы көлемі 5,5 миллион гектарды құрап, былтырғыдан 63 мың гектарға артқан.
Дайындық кезеңі қыста басталып, алқаптарда қар тоқтату жұмыстары жүргізілген. Ал көктемде 2 миллион гектардан астам жерге ылғал жабу мен өңдеу шаралары атқарылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп. Дала жұмыстарына 37 мыңнан астам техника, соның ішінде заманауи егіс кешендері тартылып, науқан кідіріссіз әрі үйлесімді өтті. Облыста тәулік бойы жұмыс істейтін өңірлік аграрлық кеңес құрылып, шаруаларға тұрақты кеңес берілді.
Мемлекеттік қолдау ретінде 778 шаруашылыққа 100 миллиард теңгеден астам сомаға несие берілді. Сондай-ақ, 76 мың тоннадан астам дизель отыны жеңілдетілген бағамен үлестірілген.
Егіс құрылымында стратегиялық маңызы бар дақылдардың үлесі артты. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4,6 млн гектарға себілсе, майлы дақылдар көлемі рекордтық 430 мың гектарды құрап, былтырғыдан 161 мың гектарға көбейді. Мал азығы, көкөніс және картоп егілген алқаптар да ұлғайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік