23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2023 жылы Ақмола облысында 7 миссионер тіркеуден өтіп, куәлік алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде екі жүзге жуық діни бірлестік бар көрінеді.
Облыста 190 тіркелген діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: 90 - ислам, 46 - православтық, 41 - протестант, 11 - католиктік бағыттағы, 1 - Бахаи діні және 1 - Ақмола облысының Кришна Сана қоғамы. Жалпы діни нысандар саны – 152. Оның 89-ы мешіт, 29-ы православтық шіркеу, 12-і католик шіркеуі және 22 протестанттық дұға үйлері, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта.
Жергілікті құзырлы органның мәліметіне сай, аймақта уағыз жүргізетін 29 миссионер бары анықталған. Оның ішінде 19 адам - Польша, 5 - Филиппин, 1 - Қазақстан, 1 - Ресей, 1 - Германия, 1 - Швейцария және бір Италия азаматы тіркелген.
Барлық 29 миссионер католицизмді уағыздайды. Жыл басынан бері миссионерлерді тіркеу, куәлік беру бойынша 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады