Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқмола облысының Байсуат ауылының маңында 54 жастағы Астана қаласының тұрғыны жабайы құстарды заңсыз аулап жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, ер адам арнайы тыйым салынған торларды пайдаланып, Қазақстанның Қызыл кітапқа енгізілген сирек құстарының бірі – қара басты пайызторғай тұқымдас құстарды аулаған.
Полиция қызметкерлері браконьерден 76 құсты тәркілеп, оның далаға орнатқан торлы шыбықтарын анықтады. Құстардың басым бөлігі торларда қысылып, өліп қалған. Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Бұланды ауданы аумағында шамамен 80-ге жуық жабайы құсты ұстап, интернет-ресурстар арқылы сату үшін әрекет еткені белгілі болды, - делінген мәліметте.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тәркіленген құстарға сот-биологиялық зерттеу тағайындалды.
Тергеу нәтижесінде күдіктіге қатысты заңды шешім қабылданады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары