23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқмола облысында полиция бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының бірнеше тұрғыны бір адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша полицияға мәлімдеді. Қосшы қаласының полиция бөліміне алаяқтық фактісі туралы Астана қаласының тұрғыны өтініш білдірді. Әйел айтқандай, бейтаныс әйел оның сенімін асыра пайдаланып, шағын бизнесті дамыту сылтауымен оған қолма-қол ақша беруін сұраған. Залал сомасы 10 млн 750 мың теңгені құрады. Біраз уақыттан кейін жәбірленуші алаяқтықтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталды, ол Қосшы қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Алаяқтық фактісі бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің тағы 5 ұқсас фактіге қатысы бар екені анықталды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады