30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты12 қазанда Ақмола облысында полицейлер қолайсыз ауа райына байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеді. Өңірде 2,5 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке El.kz ақпарат агенттігі.
Жол апатының алдын алу үшін бірнеше тасжолда көлік қозғалысы шектелді. Бірақ осыған қарамастан, бұл күні облыс аумағында 2400-ден астам жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер жоқ. Алайда көліктерге түрлі зақым келген.
Көлік оқиғасының бірі Астана – Петропавл автожолының 155-шақырымнда болды. Жүк көлігінің 34 жастағы жүргізушісі ауа райын (көктайғақ, жел) ескермей, рөлді басқара алмай, бөренеге соқтығысты. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жүк көлігін жолға шығаруға көмектесіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдалуына әкеп соққан жол жүрісі ережелерін бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, жол қозғалысын шектеу кезінде Щучинск қаласына дейін 740 көлікке, оның ішінде 600 жеңіл және 140 жүк көлігіне, Көкшетау қаласынан Астана қаласына дейін 565 көлікке, оның ішінде 470 жеңіл және 94 жүк көлігінің жүргізушілеріне көмек көрсетілді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды