Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқмола облысының полицейлері суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 20 тамызда сағат 18:20-да Целиноград ауданының полиция бөліміне су айдынында екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті.
Белгілі болғандай, балықшылар жергілікті тұрғындар емес. Сондықтан олардың қай жерде екенін және қандай су айдыны туралы айтып жатқанын түсіну қиын болған. Ал оқиға орнына жеткенде полиция қызметкерінің бірі екі адамды құтқару үшін еш ойланбастан суға секірді.
Тәртіп сақшысы суға батқандарға тез жетіп, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін полицейлер оларды келген жедел жәрдем бригадасына тапсырды. бір ер адамда суда құрысу басталып, нәтижесінде ол суға бата бастаған. Екіншісі оны құтқару үшін сүңгіп кетті, бірақ оны үрей басқан. Осылайша, екеуі де судан шыға алмай қалды, - делінген мәліметте.
Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер Қызылорда облысынан, елордаға досына келіп, балық ауламақ болған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?