10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысы Сандықтау ауданы Балкашино ауылының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам масаң күйде бірге тұратын әйелімен жанжалдасып, оны аямай соққыға жыққан. Әйел алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Сараптама нәтижесінде сотталушының психикалық және мінез-құлық бұзылыстарымен алкогольге тәуелділігі анықталды.
Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша жазаға тартылды. Сот үкімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды және оған жазасын өтеу орны бойынша маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді