Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Журавлевка ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында орналасқан шаруашылық құрылыстан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шаруашылық құрылыс үйге жапсарлас салынғандықтан, тұрғын үйге оттың таралу қаупі туындаған. Өрт сөндіру бөлімінің қашықтығына (шамамен 90 км) байланысты оқиға орнына алғаш болып осы ауылда жақында ғана "Ауыл құтқарушылары" ведомстволық бағдарламасы аясында құрылған ерікті өрт сөндіру пунктінің құтқарушылары келді.
Олардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 56 шаршы метр аумақта толықтай оқшауланып, сөндірілді. Жалынның тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары