23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘр көктем келген сайын қар қалың түскен өңірлерді су басады. El.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі биылғы табиғи апаттың алдын алу үшін Ақмола облысында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын облыс әкімінің орынбасарынан сұрап білді.
Облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеевтің айтуынша, бүгінде қауіпті аймақта тұрған 56 елді мекен бар.
«Бұлардың көбісі Елорда маңында орналасқан. Нұра және Есіл өзеніне жақын Атбасар, Зеренді секілді бірнеше аудан кіреді. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жыл сайын қаржы бөлінеді. Қазіргі уақытта 2,5 млрд теңге резервте тұр. Арнайы техника мен жанар-жағармай дайындалды. Бұдан бөлек өзендерде тұрған гидротехникалық құрылымдарға қатысты жұмыстар атқарылды. Мұз жару жұмыстары 10-наурызда басталады. Бір-екі күн ішінде қар деңгейі біршама түсті. Енді оны шығарып жатыр. Жалпы көктемгі табиғи апаттың алдын алу бойынша дайындық бар», – деді әкім орынбасары.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады