6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқмола облысында кадастрлық құны 323 млн теңгені құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізуде. Мысалы, қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы "Жайылымдық жерлерді ұлғайту" жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды. Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 млн теңгені құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, - Ақмола облысының прокуратурасы
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі