22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміздегі астықтың үштен бірін өндіретін Ақмола облысында өндіріспен бірге астық экспорты дамып келеді. Биыл астықтың шығымы төмен болғанына қарамастан облыс жыл басынан бері 1,9 млн тоннадан астам астық экспорттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, Ақмола облысы еліміздегі аграрлы өңір саналады. Республикадағы астықтың үштен бірі Ақмола облысында өндіріледі. Жыл сайын 2-2,5 миллион тонна астық экспортқа шығарылады. Ақмолалық астық негізінен Ресей, Қытай, Орта Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығарылады.
«Биыл астықтың шығымы төмен болғанына қарамастан облыс жыл басынан бері 1,9 млн тоннадан астам астық экспорттады. Бұдан бөлек, еліміздің өзге облыстарына 528,2 мың тонна астық жөнелтілді. Облыста егін орағы ойдағыдай аяқталып, гектар берекесі 6,4 центерден айналғанда барлығы 3 миллион тоннадан астам астық жиналды. Қазіргі кезде келер жылдың қамы үшін 536 мың тонна тұқым қоры жасалып жатыр», – деді облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов.
Басқарма басшысы атап өткендей, ақмолалық шаруалар үшін биыл оңай болған жоқ. Көктемдегі ылғалдың аздығы, жаздағы құрғашылық және тамыз-қыркүйек айларындағы жауын-шашын егіннің бітік шығуына біраз кедергі келтірді. Сонымен бірге, кейіктер шауып біраз егін тапталды. Егін орағы кезінде жаңбырдан 2 млн 945 мың гектардың егіні көктеп, үлкен залал келді. Осы қиындықтарға қарамастан шаруалар егін орағы науқанын уақытылы аяқтап, бар алтын астықты шашпай-төкпей жинап алды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев