23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ақмарал Науатбек XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Чемпионды Туризм және спорт министрі құттықтады.
Ақмаралды Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандасымыз финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда жарыс қожайынын сан соқтырды. Пара дзюдодан Қазақстан тарихында әйелдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атағын жеңіп алған Ақмарал енді міне, ел тарихында дәл осы спорт түрінен Паралимпиадада топ жарған алғашқы спортшы атанып отыр. Ол былтырғы пара Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа таққан еді. Отандасымыздың бұл жеңісі елімізде пара спортпен айналысатын жандарға үлгі-өнеге болды деп ойлаймын. Ел мерейін өсірген жеңістері үшін алғыс айтамын. Ақмаралға зор денсаулық, бақыт және спортта жаңа жетістіктер тілеймін!, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік