23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өтті. Келіссөздер бетпе-бет форматында ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, келесі кезеңде Еуропа көшбасшылары да қосылатын кеңейтілген консультациялар жоспарланған. АҚШ-қа Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте келді.
АҚШ әкімшілігінің деректеріне сәйкес, келіссөздердің басты тақырыбы – Украинадағы қақтығысты тоқтату бойынша бірыңғай ұстанымды қалыптастыру. Талқылаулар 15 тамызда Аляскада өткен Трамп пен Владимир Путин саммитінің қорытындылары негізінде жүргізілмек.
Бұған дейін Ақ үйде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі өтіп жатқанын жазған болатынбыз.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік