14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Жаз мезгілінде ауа температурасы көтерілген сайын автокөлік иелері үшін өрт қауіпсіздігі мәселесі де өзекті бола түседі. Көпшілік көлікті күн астында қалдырудың салдарына мән бере бермейді. Алайда мамандар аптап ыстық кезінде көлік салоны бірнеше минуттың ішінде қатты қызатынын және кейбір заттардың өрт қаупін тудыруы мүмкін екенін ескертеді.
Сырттағы ауа температурасы 30-35 градус болған жағдайда күн астында тұрған көліктің іші 50-70 градусқа дейін қызуы мүмкін. Мұндай ортада электронды құрылғылар істен шығып қана қоймай, тұтану қаупін де арттырады. Ал аэрозоль баллондары мен жанғыш заттар үшін бұл тіпті қауіпті.
Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Динара Нұрғалиеваның айтуынша, жоғары температура көліктің өздігінен жануына тікелей себеп болмаса да, түрлі техникалық ақаулардың салдарын күшейтеді.
Аптап ыстық көліктің өздігінен жануына тікелей әсер етпейді. Дегенмен көлік жүйелеріндегі ақаудың салдарын күшейтіп, өрттің шығу қаупін арттырады. Статистикаға сәйкес, 2026 жылдың алғашқы бес айында елімізде автокөліктерде 942 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайызға төмен көрсеткіш, – дейді министрлік өкілі.
Маманның сөзінше, көліктердегі өрттердің басым бөлігі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, жанармай жүйесіндегі ақаулардан, газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан және қозғалтқыш бөлігіндегі май мен жанғыш сұйықтықтардың ағуынан болады. Жоғары температура мұндай ақаулардың қауіптілігін одан әрі күшейтіп, өрттің тез таралуына жағдай жасайды.
Күн астында қалған көлікте кейбір заттар қызып, жарылуы немесе тұтануы мүмкін. Сондықтан мамандар оларды көлік ішінде қалдырмауға кеңес береді.
Олардың қатарында:
Динара Нұрғалиеваның айтуынша, жабық көлік ішіндегі жоғары температура аккумуляторлардың қызып кетуіне себеп болуы мүмкін.
Күн астында тұрған көліктің ішкі температурасы сырттағы ауа температурасынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай жағдайда литий-ионды батареялары бар құрылғылар қызып, істен шығуы немесе тұтануы ықтимал, – дейді ол.
Маман тіпті қарапайым пластик бөтелкедегі судың өзі белгілі бір жағдайда қауіп тудыруы мүмкін екенін айтады.
Күн сәулесі бөтелкеге тікелей түскен кезде су линза тәрізді әсер беріп, жарықты бір нүктеге шоғырландырады. Соның салдарынан өрт шығу қаупі туындауы мүмкін, – дейді ТЖМ өкілі.
Көлік ішінде қалдырылған заттардың барлығы бірдей өртке себеп болмауы мүмкін. Алайда олардың көпшілігі жоғары температураның әсерінен жарамсыз күйге түседі. Мәселен, смартфондар мен ноутбуктердің аккумуляторлары тез тозады, powerbank құрылғыларының қызмет ету мерзімі қысқарады. Дәрі-дәрмектер өзінің емдік қасиетін жоғалтуы мүмкін. Ал косметика мен парфюмерияның құрамы өзгеріп, сапасы төмендейді.
Сондай-ақ шоколад, сүт өнімдері және басқа да тез бұзылатын тағамдар адам денсаулығына қауіп төндіруі ықтимал.
Төтенше жағдайлар министрлігі жаз мезгілінде көлік иелеріне бірнеше қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтауға кеңес береді. Ең алдымен автокөліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылап отыру қажет. Әсіресе электр сымдары мен аккумулятордың жарамдылығына назар аударған жөн. Сонымен қатар жанармай және газ жүйелеріндегі ақауларды дер кезінде жөндеу маңызды.
Мамандар көлік ішінде тез тұтанатын заттарды қалдырмауға, мүмкіндігінше көлеңкелі орындарға тұрақтауға және әр көлікте жарамды өрт сөндіргіштің болуын қамтамасыз етуге шақырады.
Көліктен күйік иісі шығып, түтін байқалса немесе электр жүйесі дұрыс жұмыс істемесе, қозғалысты жалғастыру қауіпті.
Мұндай жағдайда жүргізуші көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіруі керек. Егер өрт шықса, ең алдымен адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, 101 немесе 112 нөміріне хабарласу қажет. Өрт бастапқы кезеңде болса, өрт сөндіргішті пайдалануға болады. Ал жалын күшейіп кеткен жағдайда көліктен қауіпсіз қашықтыққа алыстап, мамандардың келуін күткен жөн, – дейді Динара Нұрғалиева.
Жазғы аптапта қарапайым сақтық шараларын сақтау күтпеген жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Мамандар көлік иелерін техникалық қауіпсіздікке мұқият болып, күн астында қалған көлікте қауіпті заттарды сақтамауға шақырады.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды