Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрШымкентте әскери бөлімнің қызметшісі қашықтыққа жүгіру жаттығуынан кейін көз жұмды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 маусымда 6506 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, әскери қызметшілер ойлы-қырлы жерлерде қашықтыққа жүгіру жаттығуын өткізген. Жаттығудан соң Б. есімді әскери қызметші өзін нашар сезініп, оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Кейін ол Шымкент қаласының №1 ауруханасына шұғыл түрде жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. 16 маусымда сағат 17:15 шамасында әскери қызметші қайтыс болды.
Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының және ҚР Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – делінген өңірлік қолбасшылық мәліметінде.
Шымкенттік белсенді Бақытжан Көпбаевтың желі парақшасында жариялаған видеодағы мәліметке сүйенсек, марқұм болған әскери қызметшінің денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған. Тек әскери бөлімдегілер қызметшілерді күннің аптап ыстығында 40 шақырымдай қашықтыққа жүгірткен екен. Белсендінің айтуынша, жаттығудан кейін біраз сарбаздың жағдайы нашарлаған. Соның ішінде екі офицер ауруханаға ауыр халде түскен. Соның бірі капитан шеніндегі әскери қызметші қайтыс болған.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова