23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанның бірқатар өңірінде 35-36 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстік-батысында нөсер жаңбыр күтілсе, батыс және солтүстік аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Сондай-ақ республика аумағында екпінді жел күшейіп, кей жерлерде дауылды жел соғады. Ал оңтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал.
Синоптиктер Павлодар облысында, Абай облысында және Жетісу облысының солтүстігінде күндіз ауа температурасы +35...+36 градусқа дейін көтерілетінін болжады.
Осыған байланысты бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады. Абай және Жетісу облыстарында, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Алматы, Түркістан және Маңғыстау облыстарының жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі жарияланды.
Ал Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысы, шығысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстік және солтүстік-батыс бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыз құбылыстарына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады