2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАпта ішінде елімізде 3 329 қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
«Бір апта ішінде 3 329 қылмыс жасалды. Оның 2069 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 3 кісі өлтіруді, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 44 тонау және 466 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Сонымен қатар, ол Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен Тергеу департаментінің басшылығы, Әскери-тергеу басқармасы және оның өңірлік бөлімшелері Қарулы Күштердің, Ұлттық ұланның және Шекара қызметінің барлық бөлімдеріндегі жеке құрамды құқықтық хабардар ету, сондай-ақ тәуелсіз психологтарды тарта отырып, әскерилер арасындағы қайғылы жағдай мен өз-өзіне қол жұмсау фактілеріне жол бермеу бойынша алдын алу жұмысын жүргізіп жатқанына тоқталды.
«Қазіргі уақытта аталған іс-шара еліміздің барлық өңірінде жүзден астам әскери бөлімшелерді қамтыды. Бұл ретте мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден өз әріптестерін құрметтеу, командирлердің заңды бұйрықтары мен өкімдерін орындау, сондай-ақ әскери жарғылардың талаптарын мүлтіксіз сақтау талап етіледі. Командирлер тарапынан заңсыз іс-әрекеттер орын алған жағдайда бұл туралы дереу әскери полиция немесе ІІМ әскери-тергеу органдарына хабарлау ұсынылады», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс