Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыApple 2027 жылы iPhone 19 смартфонын шығармайтын болды. Бұл туралы ETNews басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Басылымға берген сұхбатында Omdia компаниясының сарапшысы Хо Му Ель Apple 2027 жылы iPhone 19 смартфонын көпшілік назарына ұсынбайтынын айтқан. Себебі сол жылы компания алғашқы iPhone шыққанына 20 жыл толуын атап өтпек. Сондықтан жаңа үлгі iPhone 20 деп аталатын болады.
Айта кетейік, Apple дәл осындай қадамды 2017 жылы да жасаған еді. Ол кезде алғашқы iPhone-ның шыққанына 10 жыл толуына орай компания iPhone 9 моделін өткізіп жіберіп, бір жылдың ішінде iPhone 8 және iPhone X смартфондарын қатар таныстырған болатын.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар