12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікApple компаниясы жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жабдықталған ақылды көзілдірік жасап жатыр.
БАҚ мәліметінше, компания жаңа құрылғыны 2027 жылы таныстыруы ықтимал. Әзірге жоба сынақ кезеңінде болғанымен, көзілдіріктің қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғашқы ақпарат тарады.
Apple көзілдірігі қандай болады?
Қазір Apple ақылды көзілдіріктің бірнеше прототипін сынақтан өткізіп жатыр. Олардың қалыңдығы Meta компаниясының Ray-Ban көзілдірігінің екінші буынынан сәл жұқа болуы мүмкін.
Кейбір үлгілерде камералар көзілдіріктің жақтауына кіріктірілген. Сол себепті олар сырт көзге бірден байқалмайды әрі жақтаудан шығып тұрмайды.
Жаңа құрылғыны әзірлеу кезінде Apple дыбыс сапасына ерекше мән беріп отыр. Сонымен қатар компания пайдаланушының жеке деректерін қорғауға арналған қосымша мүмкіндіктерді де қарастырып жатыр. Әзірлеушілер көзілдіріктің дизайны мен түсіне қатысты бірнеше нұсқаны сынап, материалдар мен сенсорларды таңдауға да басымдық берген.
Ақылды көзілдірік не істей алады?
MacRumors басылымының хабарлауынша, алғашқы модельде толықтырылған шындық технологиясына арналған экран болмайды. Оның орнына пайдаланушы құрылғымен Siri дауыстық көмекшісі арқылы байланысады.
Кіріктірілген камералар айналадағы заттар мен көріністер туралы ақпаратты Siri-ге жеткізіп отырады. Соның арқасында көзілдірік мынадай мүмкіндіктер ұсынуы мүмкін:
Сондай-ақ көзілдірік арқылы мейрамханадан үстел броньдап, такси шақыруға, онлайн сауда жасауға және кино билеттерін сатып алуға мүмкіндік тууы мүмкін.
Алайда мұндай қызметтерді іске қосу үшін қосымша әзірлеушілеріне өз бағдарламаларының кейбір функцияларын Siri-ге қолжетімді ету қажет болады.
Көзілдірік iPhone-мен бірге жұмыс істейді
Инсайдерлер мәліметінше, әзірлеушілерге ақылды көзілдірікке арнап бөлек қосымша жасаудың қажеті жоқ. Қолданыстағы бағдарламалар пайдаланушының iPhone телефонында іске қосылып, екі құрылғы өзара дерек алмасу арқылы командаларды орындайды деп күтілуде.
Алдын ала ақпарат бойынша, көзілдірік тек iPhone-ның жаңа үлгілерімен үйлесімді болады. Android жүйесіне қолдау көрсету әзірге жоспарға кірмеген. Дегенмен Wi-Fi арқылы кейбір функциялар, соның ішінде үшінші тарап қосымшаларының жұмысы, iPhone жақын жерде болмаса да қолжетімді болуы мүмкін.
Жаңа құрылғы қашан таныстырылады?
Apple өнімдері туралы болжамдарымен танымал журналист Марк Гурманның айтуынша, компания ақылды көзілдірігін 2027 жылы өтетін WWDC әзірлеушілер конференциясында таныстыруды жоспарлап отыр.
Inside Apple’s smart glasses prototypes: a pared-down visionOS 28, Wi-Fi, flush camera openings and a magnetic charger near the tip of the left arm. Employees call them “AirPods for your face.” More in Power On: https://t.co/ZwxRNEFU4L
— Mark Gurman (@markgurman) November 15, 2026
Алайда бұл мерзім өзгеруі мүмкін. Бұған Siri дауыстық көмекшісі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу барысында туындауы ықтимал қиындықтар әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, қазан айында Apple компаниясы жаңа iPhone Duo иелерінің бір бөлігінде ішкі экранға қатысты мәселе туындағанын растаған еді. Пайдаланушылар дисплейдің бүктелетін тұсынан өздігінен сызат түсіп, жарыла бастағанын хабарлаған. Алғашқы шағымдар Reddit пен басқа да интернет-форумдарда жарияланған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер