Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПавлодар облысының әкімі Асайын Байханов Мақайыңдағы әпкесі мен інісінің зорлануына қатысты тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңір басшысының сөзіне қарағанда, қыз бала өзіне қатысты жайтты ата-анасына айтқан, алайда олар ешқандай шара қолданбаған.
Майқайыңда болған оқиғада қызы зорлық көргенін анасына айтқан. Шешесі сенбеген. Қыз бала өгей әкесімен бірге тұрған. Сондықтан ол туған әкесіне барып зорланғанын айтқан. Бірақ ата-анасы қыздарының сөзін елемей, ешқандай шара қолданбаған, тексермеген, - деді Байханов.
Сонымен қатар ол Павлодар облысында кәмелет жасына толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері туралы да мағлұмат берді.
Өңірде балаларға қатысты 30 факт тіркелген. Оның ішінде 8 бала екеуара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. 22 бала зорланған. Соның ішінде 25 бала үйінде зорлық көрсе, бес бала үйінен тыс жерде зорлық көрген (екі статистикада да өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен балалар бар), - деді облыс әкімі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?