23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасы көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпаратты агенттігі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрілігі мәлімдеді.
Привольное ауылынан Семей қаласына қарай 5 км жерде "Лада" маркалы автокөлік жол жиегіне шығып кеткені туралы ақпаратты учаскелік полиция хабарлады. Салонда 5 адам қамалып отырған.
Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлер бригадасы оқиға орнына келіп, көліктің есігін ашып, көлікті қардан қазып алып, 5 жолаушыны эвакуациялады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жарақатының бар-жоғын тексергеннен кейін саяхатшылар жергілікті мешітке орналастырылып, оларға жылы көрпелер мен ыстық шай берді.
ШҚО ТЖД құтқарушылары дауылды ескерту туралы алдын ала хабардар етті. ШҚО ТЖД қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады. Дауылды ескерту кезінде тәуекелге барып, елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз. Ауа-райы туралы ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасынан алуға болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік