28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы энергетика және байланыс университетінде жастар арасында құқықтық сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Заң және тәртіп – өзіңнен басталады!» атты дәріс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу ордасының мәліметінше, кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов қатысты. Ол университет студенттері мен оқытушыларына заңдылық қағидаттары, құқықтық тәртіп және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы туралы баяндама жасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат – сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік идеологиясын дамыту, заңға құрмет қалыптастыру және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру. Бағдарлама аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері мен стратегиялары, заңдылық қағидаттарының қоғамға әсері, сондай-ақ адал және ашық мемлекет құрудағы әрбір азаматтың рөлі мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қатысушыларға тақырыптық бейнематериал көрсетіліп, одан кейін ашық пікірталас өтті. Онда студенттер спикерге сұрақтар қойып, құқықтық тәртіпке қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Кездесу соңында Жарқын Ғалымов құқықтық тәртіпті нығайту үдерісіне жастардың белсенді қатысуының маңыздылығын алға тартты. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы әр азаматтың жеке үлгісінен басталуы тиіс екенін ерекше атап өтті.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?