Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӘлеуметтік желіде Алматыдағы жер сілкінісін хабарлау жүйесіне экс-президенттің жиені Нұрәлі Әлиевтің қатысы бар екені айтылған ақпарат таралды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі қандай шара қабылданғанын айтты деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор өкілдері желіде таралған ақпараттан хабардар болып шықты.
Біз ол ақпараттан хабардармыз. Сондай-ақ, әріптесіміз, қоғамдық кеңес мүшесі Дидар Смағұловтың әлеуметтік желідегі жазбасын оқыдық. Бұл факті бойынша «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің арызын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті тіркеді. Материалдар өкілетті органға тексеру жүргізу үшін жолданды, - дейді Арман Тілеукенов.
Тексеріктің нәтижесі халыққа айтылатынын да атап өтті.
Сол тексерудің қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданып, БАҚ пен қоғамға хабарланады, - деді Антикордың ресми өкілі.
Айта кетейік. Мәжіліс депутаттары да автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесінің істемеу себебін және сол әрекетсіздікке жауапты тұлғаларды анықтау туралы мәселе көтерген еді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары