Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Тараз қаласының тұрғыны алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ доллары көлемінде ақша қаражатын иемденген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткен.
Сондай-ақ алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.
Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, іс жүзінде ниеті жоқ бола тұра 100 000 АҚШ долларын талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін аталған күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, - делінген.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары