Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда антибиотиктерді рецептсіз сатуға қатысты бақылау шаралары күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, қолданыстағы талаптарға қарамастан, кейбір дәріханалар мен интернет-платформаларда антибиотиктер әлі де дәрігердің рецептісіз сатылып жатыр. Мұндай жағдайлар азаматтардың өз бетінше ем қабылдауына жол ашып, денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді.
Министрлік антибиотиктерді бақылаусыз қолдану микроорганизмдердің дәрілік препараттарға төзімділігін арттыратынын ескертті. Соның салдарынан бұрын тиімді болған дәрілер инфекциялық ауруларды емдеуде әсерін жоғалтады. Бұл құбылыс медицинада антибиотиктерге төзімділік немесе антимикробтық резистенттілік деп аталады.
Мамандардың айтуынша, антибиотиктерді орынсыз пайдалану емдеу процесін күрделендіріп қана қоймай, аурудың ұзаққа созылуына, асқынулардың көбеюіне және өлім-жітім деңгейінің артуына себеп болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сәйкес, антибиотиктерге төзімді инфекциялар салдарынан әлемде жыл сайын шамамен 700 мың адам көз жұмады. Сарапшылар бұл мәселе уақытылы шешілмесе, 2050 жылға қарай мұндай инфекциялардан болатын өлім саны 40 миллион адамға жетуі мүмкін екенін болжайды.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі дәріханаларда рецепттік препараттарды сату тәртібін бақылауды күшейтіп, заң талаптарын бұзған ұйымдарға қатысты жауапкершілік шараларын қатаңдатуды жоспарлап отыр. Ведомство азаматтарды антибиотиктерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдауға және өз бетінше емделуден бас тартуға шақырды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?