Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8 мың әйел жүкті болып, 6 мыңға жуық сәби дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған бағдарлама 2021 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске қосылған. Осылайша, балалы болу бақыты бұйырмаған отбасыларға жаңа мүмкіндік берілді. Нәтижесінде ЭКҰ-ға квоталар саны 7 есе өсіп, 20 мыңнан аса әйел бағдарламаға ілікті.
Осы уақытқа дейін 8 мың әйел жүкті болып, 5 мыңнан аса сәби туды, - деді Вячеслав Дудник «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазір және болашақ» тақырыбында өткен XV халықаралық конгресте.
ДСМ штаттан тыс бас репродуктологы, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшиннің айтуынша, бағдарлама ерлі-зайыптыларға үлкен үміт береді.
Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты аясында 7 мың тапсырысты орындаймыз. Бағдарлама аясында 21 мың тапсырысты өткізу арқылы одан да көп бала дүниеге келеді деп үміттене аламыз. Бұл – өте жоғары көрсеткіш! - деді ол.
Оның айтуынша, ЭКҰ-ға келген әйелдердің денсаулығы қырағы бақылауда болады.
«Әйелді ЭКҰ-ға апармас бұрын, аталған бағдарлама мен жүктіліктің өзі оның денсаулығына зиян тигізбейтініне сенімді болу керек. Бүгінде бұл – басты назарда», - деді дәрігер.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары