Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты,– деп хабарлайды El.kz.
Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымда жарыстың 3-ракеткалары, жапониялық Ена Шибахара - қытайлық Чжан Шуаймен кездесті.
Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.
Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Анна мен Беатрис 2 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйспен ғана көзге түсті.
Қазақстандық-бразилиялық жұп жартылай финалға шығу үшін доданың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен таласады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс