Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихыҚазақстандық Анна Данилина жұптық сында алғаш рет әлемдегі үздік он теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, А.Данилина бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде 11-ден 10-орынға көтерілді.
Бұл – оның спорттық жолындағы жеке рекорды.
А.Данилина үндістандық Саня Мирзамен бірге Аделаида-2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің алғашқы айналымында бүгін осы жарыстың бірінші ракеткалары, чехиялық Барбора Крейчикова – аустралиялық Сторм Сандерспен шеберлік байқасты.
Тартысты кездесуде бірінші партияда қазақстандық-үндістандық жұп басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қарсыластары дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Б.Крейчикова мен С.Сандерс жеңісті жұлып алды – 10:6.
Енді А.Данилина С.Мирзамен бірге жылдың басты турнирлерінің бірі – Аустралия ашық чемпионатында өнер көрсетеді.
Бүгiн, 09:02
«Сағындым сені»: Оразалы мен Ажардың махаббатын мәңгілікке айналдырған әннің тарихы15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады