13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызКітап авторы - Қазақстан және Ресей суретшілер одағының мүшесі, «Үздік педагог – 2021» конкурсының жеңімпазы, Қазақ экономика консалтинг университетінің профессоры және «Бабалар аманаты» халықаралық жобасының авторы Қанағат Кодековтың бұл 4-томы.
Іс-шараға Қазақстан Елшісі Еркебұлан Сәпиев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен «Көк ту» қазақ мәдениеті қоғамының өкілдері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі, «Қазақ елі» журналының бас редакторы Серкан Динчтүрк, Анкараның университеттерінде білім алып жүрген қазақ-түрік докторанттары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Елші ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен ғылыми еңбектері туралы қысқаша айтып берді.
С. Динчтүрк белгілі суретші Қ. Кодековқа «Бабалар аманаты» атты кітабы, ата-бабаларымыздың қалдырған мұраларын келешек ұрпаққа жеткізуде, танытудағы суретшінің атқарып отырған зор еңбегіне ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Қ. Кодеков «Бабалар аманаты» ұлттық жобасына тоқтала келе, аталған жобада кәсіби және кәсіпқой суретшілердің еңбектерінің жинағынан құралған өзінің кезекті туындыны – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық құрметіне арналғанын және мұндай туындылар жас буынды тарихқа баулып, отансүйгіштікке жетелейтінін атап өтті.
Жиын соңында Елші Е. Сәпиев Қ. Кодековті Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды