29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАнглия тұрғыны Таня Беннетт кешкі тазалаудан кейін шаңсорғышын қуаттауға қойып, жұмысқа кетіп қалған. Соның салдарынан өрт шыққан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
The Sun басылымының мәліметінше, алдымен түтінді көршісі байқаған. Ол бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Таня үйіне оралғанда, ғимараттың түгелімен отқа оранғанын көрген. Өрт сөндірушілер жалынды оқшаулай алғанымен, ас үйден басқа барлық бөлмелер от пен түтіннен зардап шеккен.
Өрт кезінде үйде Таняның үш иті болған, абырой болғанда, жануарлар аман.
Кейін өрт сөндірушілер өрттің шығуына шаңсорғыштың қызып кетуі себеп болғанын мәлімдеді. Мамандардың пікірінше, бұл құрылғының ішіндегі жанғыш бөлшектердің жиналуынан немесе электроникадағы ақаудан туындауы мүмкін.
Нәтижесінде үй өмір сүруге жарамсыз деп танылды. Қалпына келтіру және жиһазды жаңарту шығындары жүздеген мың долларды құрайды деп бағалануда. Қазіргі таңда әйел уақытша тұрғын үйде тұрып жатыр және үйіне қашан оралатынын білмейді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек