6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерIBO, WBF, WIBF және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (14-1, 7 КО) чемпиондық атағын туған жерінде қорғайтынын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшының сөзінше, жекпе-жек 1 маусым күні оның туған қаласы – Таразда өтеді. Ал қарсыласы – Чили елінің боксшысы Даниэла Асенхо (17-4, 2 KO).
Бұл – менің өмірім мен спорттық жолымдағы ең маңызды әрі ерекше жекпе-жектердің бірі. Өзім де, командам да бұл кездесудің дәл Таразда – менің туған қаламда өтуі үшін барымызды салдық. Бұл қала менің мәңгілік үйім болып қалады, – деп жазды Лукас әлеуметтік желіде.
Жекпе-жек Тараз тарихында тұңғыш халықаралық кәсіби бокс кеші аясында өтеді. Бұл кездесуде IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, биыл 31 қаңтар мен 21 ақпан аралығында Ангелина Лукас қатарынан үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі