28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарAndroid операциялық жүйесінде пайдаланушыларға кейбір қосымшаларды толықтай жасыруға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болуы ықтимал. Бұл туралы Android Authority жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа мүмкіндік әзірлеушілерге арналған Android Canary нұсқасының бастапқы кодынан анықталған. Ол смартфон ішінде бөлек, оқшауланған цифрлық кеңістік құруға жол ашады. Бұл аймақта орналасқан қосымшалар операциялық жүйенің негізгі бөлігімен және өзге бағдарламалармен байланысқа түспейді.
Private Space деп аталатын бұл режимге салынған қосымшалар телефон экранында, қосымшалар тізімінде және іздеу нәтижелерінде мүлде көрінбейді. Олар тек арнайы қорғалған орта арқылы іске қосылады.
Мамандардың айтуынша, бұл қосымшалар жеке пайдаланушы профилінде жұмыс істейтіндіктен, жүйенің қалған бөлігінен толық оқшауланады. Бұл деректердің қауіпсіздігін арттырып, бөгде адамдардың қол жеткізуін шектейді.
Дегенмен жаңа функцияның белгілі бір қолайсыз тұстары да бар. Жасырын қосымшаларды пайдалану үшін әр жолы Private Space бөліміне өтіп, құпиясөз енгізу немесе биометрикалық растаудан өту қажет болады.
Сонымен қатар, бұл режимдегі бағдарламалар басқа қосымшалармен еркін файл алмастыра алмайды. Android Authority сарапшыларының пікірінше, Private Space ең алдымен ыңғайлылықты емес, жеке мәліметтердің қорғалуын көздейді.
Қосымшаларды оқшаулау функциясы кейбір смартфон модельдерінде бұрыннан бар. Алайда бұл мүмкіндік Android жүйесінің өзінде алғаш рет ресми түрде енгізілмек. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, жаңа режим Android 17 нұсқасында қолжетімді болуы мүмкін.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?