11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЖамбыл облысында жалдамалы пәтерде газдан уланып көз жұмған үш жетіншектің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Енді қауіпсіздік шараларын ескермеген пәтер қожайыны да жауапқа тартылуы мүмкін. Өйткені жалға берілген үйдің газ жабдығына қызмет көрсету келісімшарты болмаған.
Оқиға орнына келген мамандар саман кірпішпен жасалған пеш мұржасы мен желдету жолдарын тексеруге есепке тұрмағанын анықтады. Қайғылы оқиға Меркі ауданындағы Сарымолдаев ауылында болған. Ойын балаларының қимылсыз денесін анасы кешке жұмыстан келгенде бір-ақ көрген. Анасы жұмысқа кетерде үш, бес және жеті жастағы қызын сыртынан құлыптап кеткен көрінеді.
Ол аудан орталығындағы сауда орынында қызмет еткен. Балалардың әкесімен заңды некеде болмаған. Көршілері жас ананың қаңтар айынан бастап 45 мың теңгеге осы үйді жалдап тұрғанын айтады.
25 жылдың 19 сәуірде ауруханаға үш жасөспірімнің газдан уланып түскені анықталды. Өкінішке қарай, дәрігерлер қолдан келген көмекті көрсеткенмен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу рәсімі ұйымдастырылып, зардап шеккен отбасыға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді. Қазір оқиғаның мән жайын анықтап жатыр, - дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков.
11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес