Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЕуропадан туған анасын іздеп Қазақстанға қайта келген Мұрат Савельев (Жәнібек) Астанадағы балалар үйіне барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы Балалар үйінде басталды. Соңғы айларда мен бұрын Балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым. Мен оларға өте ризамын. Осы мейірімді мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға маған рұқсат етілді, - деп жазды Жәнібек-Мұрат Савельев.
Ол балалардың көзіндегі қуаныштан толқып кеткенін жасырмады.
Кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелет жасқа толғанға дейін осы Балалар ауылында, түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұрады екен. Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда, жүзіндеріндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім. Осы ерекше мерекеде менің тілегім – әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүргенін қалаймын. Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын тіледім. Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін, - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, журналист Қымбат Досжан Еуропадан анасын іздеп келген Жәнібекті сатып жіберген адамдарды білетінін мәлім еткен еді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?