Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері бойынша жұмыс істейтін журналистер мен сарапшылар клубы ҚХА XV сессиясында Елбасының тапсырмасымен құрылған болатын.
Клуб – төзімділікті нығайтуда, этносаралық, қоғамдық келісімді және азаматтық бірлікті сақтауда БАҚ күшін біріктіруге ықпал ететін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық алаң болып табылады.
ҚХА құрылымдарының қызметін және клуб жұмысын жариялауға он бес тілде отыз жеті этникалық газет пен журнал тартылды. Олардың қатарына 1966 жылдан жарық көре бастаған және Қазақстан Республикасындағы неміс этносының жалғыз газеті болып табылатын «Deutschе Allgemeine Zeitung» (DAZ) республикалық ұлттық газеті кіреді.
«Deutschе Allgemeine Zeitung» республикалық ұлттық газеті аптасына бір рет және 1200 данамен екі тілде шығады. Газетті басып шығару Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қаржыландыруы, сондай-ақ Германия IFA-институтының қолдауының арқасында жүзеге асырылады.
Газеттің он екі жолағында Қазақстан Республикасында, Германияда, сондай-ақ басқа елдерде саяси және экономикалық жағдай туралы сараптамалық материалдар жарияланады; немістердің Қазақстан аумағында, басқа да республикаларда мәдени және қоғамдық өміріне үлкен мән беріледі.
Тарихи отанында ресейлік немістердің бірігу мәселелері жиі талқыланады және білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері көтерілуде.
Жүзден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісім мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Газет Қазақстан халқы Ассамблеясымен, сондай-ақ басқа да ұлттық газеттермен тұрақты байланыс орнатқан.
Осы орайда DAZ газетінің Social-Media редакторы Анастасия Королевамен журналист қандай дағдылар мен қасиеттерге ие болуы тиіс, әрі осы мамандықтың қандай артықшылығы мен кемшілігі бар деген сұрақтарға жауап іздеген болатынбыз. Анастасия жас әріптестерінің арасында журналистика саласы бойынша әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізіп, өзінің шетелде алған тәжірибесімен алмасып жүретін креатив жастардың бірі.С
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды