Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАнастасия Городко Швейцариядағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фристайл-могулдан Ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Санкт-Мориц қаласында (Швейцария) өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.
Спортшы параллель могул сайысындағы кіші финалда сәтті өнер көрсетті. Қола медаль үшін өткен жарыста отандасымыз америкалық Кайли Кариотистен басым түсті. Алтын жүлдені АҚШ өкілі Джейлин Кауф жеңіп алса, күміс медаль Тесс Джонсонға (АҚШ) бұйырды.
Анастасия Городко өзінің спорттық мансабында екінші рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанып отыр.
Айта кетейік, бұл дисциплина 2026 жылғы Олимпиада ойындары бағдарламасына енгізілген.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс