10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматы облысында отыз жастағы келіншек бес айлық баласын таба алмай жүр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.
Гүлшат Аманалиева 2022 жылы желтоқсан айында зорлықтын құрбаны болып, бала көтеріп қойған. Ол Қарақалпақстанда анасы танысымен төсектес болуға мәжбүрлегенін айтады. Анасы оның аяғы ауыр екенін естіген соң шу шығарып, Гүлшатты ұрып-соққан көрінеді. Баланы алдыртуды немесе босанып, перзентханаға тастап кетуді талап етіпті. Алайда, оны туып, басқа отбасыға беруге келіседі. Бірақ, Гүлшат ұлын қолына алғанда оны басқаға беруге үзілді-кесілді қарсы болып, перзентханадан баламен қашып кеткен.
Соған қарамастан Гүлшатты туыстары «бала саудасымен айналысты деп шағымданамыз» деп қорқытқан көрінеді. Осылайша келіншек 2 күннен соң баланы тараздық ерлі-зайыпты алып кетті дейді. Содан бері ол баласының жүзін көрмеген.
Құжат бойынша Тәуекелдің анасы Гүлшат болғанымен, әкесі сол баланы алып кеткен отбасының отағасы екен.
Алайда баланы асырап алғандар келіншектің өз еркімен бергенін мәлімдеп отыр. Осы жағдайлардан кейін олар баланы туған анасына қайтарып беруге келісті.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді