15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚазақстанда бала күтіміне байланысты демалыста жүрген аналар сәбиі 1,5 жасқа толмай тұрып жұмысқа шықса да, әлеуметтік төлемдерін толық сақтай алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді сақтау тәртібін түсіндірді.
Комитеттің мәліметінше, ана бала күтіміне байланысты демалысын мерзімінен бұрын аяқтап, жұмысқа қайта оралған жағдайда да әлеуметтік сақтандыру жүйесінен берілетін төлем тоқтатылмайды.
Мәселен, әйел сәбиі сегіз айға толғанда жұмысқа шығуға шешім қабылдаса, бұл оның әлеуметтік төлем алу құқығынан айырылуына негіз болмайды. Төлем бала 1,5 жасқа толғанға дейін жалғаса береді.
Министрлік өкілдері бұл тәртіптің мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түріне емес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы төленетін бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемге қатысты екенін атап өтті.
Сондай-ақ қолданыстағы құқықтық нормаларда аталған әлеуметтік төлемді алу құқығы тікелей анаға тиесілі екені көрсетілген.
Осылайша, қазақстандық аналар бала күтіміне байланысты демалыстан мерзімінен бұрын шығып, еңбек қызметін жалғастыра отырып, сәбиі 1,5 жасқа толғанға дейін әлеуметтік төлемін ала алады.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады