23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕрлермен қатар иық тірестіре әскери қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектер де бір-бір шаңырақтың ұйытқысы, берекесі. Әскери шен тағып, қиындығы мен қызығы қатар жүретін әскери өмірге, ондағы қатал тәртіпке бой ұсынған нәзік жандылар да біреуге аяулы жар, біреуге ардақты ана. Бұл сөзімізге бүгін ғаламтор бетіне жарияланған төмендегі видео куә.
Қорғаныс министрлігі түсірген қызықты бейнежазбада әскери саладағы қыз-келіншектердің балалары көздері байлаулы күйінде аналарын әп-сәтте тауып алды. Бейнежазбадағы кейіпкерлер «Батыр арулар» республикалық байқауының қатысушылары, ҚР Қарулы Күштерінің әйел әскери қызметшілері. Идея авторлары эксперимент ретінде нәзік жандылардың балалары көздері байлаулы күйінде өз аналарын таба ала ма екен деген сұраққа жауап іздеу мақсатында түсірген.
Бұл әлемдік тренд бір жыл бұрын басталып, бұған бүкіл әлем тұрғындары қолдау білдірген еді.
Бүгін, Балаларды қорғау күні ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері әйел әскери қызметшілер Отанды қорғап қана қоймай, балалар үшін аяулы, қамқор ана бола алатындарын көрсеткілері келді.
«Әлемдегі махаббаттардың ең нәзігі, ұлысы және адалы ол – ана махаббаты» деген осы болар.
Әзірлеген Тұмар АСЫЛ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады