20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Әбілқайыр Сқақов БАҚ өкілдерімен кездесуінде өзінің жалақысына қатысты қойылған сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тілшілер «Медсақтандыру қорының топ менеджерлері қыруар сыйақы алады» деген ақпарат шыққанын айтып, қорда берілетін сыйақы мөлшерінің қандай екенін сұрады. ӘМСҚ басшысы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Қордың топ менеджерлеріне яғни, басқармадағы құрамға 5 адам кіреді. Олар соңғы үш жылда ешқандай сыйақы алмады және алмайды да. Ал мен және орынбасарларым алған сыйақының ең жоғарғы мөлшері жылына 650-700 мың теңгені құрайды. Директорлар кеңесінің шешімімен сыйақы мөлшері шектелген. Ұжым алатын сыйақылар қызметкерлердің KPI-мен бекітілген, – деді қор басшысы Әбілқайыр Сқақов.
Сонымен қатар Сқақов тілшілердің жалақасының мөлшеріне қатысты қойған сауалына жауап берді.
Қолыма ай сайын 1 миллион 400 мың теңге түседі, – деді Сқақов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?