Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?АҚШ азаматтарының шамамен 70 пайызы президент Дональд Трамп енгізген тарифтердің азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына әкеледі деп күтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ipsos және Reuters агенттігі жүргізген сауалнама нәтижелері көрсетіп отыр.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, америкалықтардың 57%-ы Трамптың экономикалық саясатын тым тұрақсыз деп санайды.
Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 70%-ы, оның ішінде 10 демократтың 9-ы және 10 республикашының 6-ы тарифтердің өсуі азық-түлік пен басқа да күнделікті қажеттіліктердің қымбаттауына алып келеді деп есептейді, – деп хабарлайды Reuters.
Зерттеу 11-12 наурыз аралығында 18 жастан асқан 1,4 мыңнан астам америкалықтың қатысуымен жүргізілген. Статистикалық қателік 3 пайыздық пунктті құрайды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді