6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАмерикалық танымал рэпер әрі музыкалық продюсер P. Diddy мерзімінен бұрын түрмеден босатылуы мүмкін. Бұл туралы ABC News және АҚШ Федералдық түрмелер бюросы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, музыканттың Бруклиндегі тергеу изоляторынан босатылуы 2028 жылдың 8 мамырына жоспарланған. Алайда оның қорғаушылары жазаны жеңілдетілген режимдегі мекемеде өтеу туралы өтініш беруді жоспарлап отыр. Егер өтініш қанағаттандырылса, Комбстың жазасы қысқаруы ықтимал.
Рэпер сондай-ақ есірткіге тәуелділікті емдеу бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған жағдайда жаза мерзімі бір жылға қысқартылуы мүмкін.
Еске сала кетсек, 2024 жылдың 3 қазанында Нью-Йорк соты Шон Комбсты адамдарды жезөкшелікке тарту мақсатында тасымалдағаны үшін төрт жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырған болатын.
Сот процесі барысында қорғау тарапы 14 айлық жаза сұраса, айыптаушылар 11 жылға дейін бас бостандығынан айыруды талап еткен еді.
Нәтижесінде қазылар алқасы музыкантты екі айып бойынша кінәлі деп таныды, алайда адам саудасы мен бопсалау ісі бойынша кінәсіз деп тапты. Егер бұл айыптар дәлелденген жағдайда, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру қаупі төнер еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі