29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыПремьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Wabtec компаниясының аға вице-президенті Гохан Байхан серіктестікті кеңейту перспективалары мен машина жасаудағы жаңа жобаларды іске асыру жайын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экономикалық күйзелістерге қарамастан, әлемдік теміржол қатынасы тұрақты болып қала береді және алдағы 10 жылда екі есеге жуық өседі деп болжануда. Осыны ескере отырып, Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуын барынша тиімді пайдалануға және транзиттік жүк ағындарын байланыстыратын ірі көлік тораптарының біріне айналуға ниетті.
Атап айтқанда, Еуропа мен Азия елдері арасындағы тауар айналымының қарқынды өсуі аясында Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың перспективасы жоғары. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастау, сондай-ақ локомотивтер мен теңіз кемелерінің паркін ұлғайту қажет.
Өз кезегінде Гохан Байхан Wabtec компаниясы Астанадағы локомотивтер шығаратын зауытта өндірісті кеңейтуге қаражат салғанын хабарлады, бұл оның қуатын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Wabtec сонымен қатар Қазақстанның көлік желісінің тиімділігін арттыру үшін теміржол бағыттарын цифрландыру және оңтайландыру мәселесінде ҚТЖ-мен белсенді ынтымақтастық орнатады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек