6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов АҚШ Сауда министрлігінің халықаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға жауапты US Commercial Service ұйымының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында Қазақстанның креативті нарығындағы перспективалы және табысты бағыттары таныстырылып, ынтымақтастықтың шарттарымен форматтары талқыланды.
Министрлік ақпаратына сүйенсек, Евгений Кочетов өз сөзінде Қазақстанның креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ашық екенін атап өтті.
Бізде барлық қажетті қаржылық инфрақұрылым жасақталған, заңнама үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес бейімделген, ал елімізде көптеген талантты азаматтар жұмыс істейді, – деді вице-министр.
Кездесуде кино, музыка, сән, IT және геймдевелопмент сияқты салалардың даму көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Стартаптарды акселерациялау, халықаралық копродукциялар және контент дистрибуциясы секілді бағыттар бойынша ынтымақтастық орнату қарастырылуда.
Айта кетсек, бүгінде қазақстандық контент шетелде белсенді сұранысқа ие. Оны Ресей, Қырғызстан, Ирландия, Германия, Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және Өзбекстан сияқты елдер сатып алды. Мәселен, соңғы екі жылдың ішінде ұлттық «Хабар» және «Қазақстан» телеарналары шетелге 30-дан астам сериал сатты. Олардың дистрибуциясымен Германияның жетекші медиакорпорацияларының бірі айналысады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі