Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДепутат Аманжол Әлтай төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен, ал жылқының сүті ешқандай бағалаусыз-бағасыз болып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісмен жылқы сүтін өндіру және оны тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының брендіне айналдыруға мүмкіндік барын айтты.
Елімізде Молодежныйдағы шағын зауытты қоспағанда, жылқы сүтін өңдейтін бір де бір зауыт жоқ. Жылқы сүтін өңдейтін зауыт салу жоспарда бар ма? – деп сұрады депутат.
Аталған сауалға ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шынында да саумалды өткізу жағы ақсап тұрғанын айтты.
Әр облыста бие сауып, онымен айналысып жатқан біраз азамат бар. Бірақ олар саумалды Еуропаға өткізу мәселе болып отырғанын айтуда. Қазір Қытайға өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Сұраныс болса, зауыт салуға ниет білдірген біраз адамдар бар, – деді Сапаров.
Айта кетейік, биыл жылқының басы 4 миллионға көбейген.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары